Шәріп Берік Шәріпұлы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Берік Шәріп 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Астана қ. (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) Қазақ мемлекеттік медицина академиясын, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласы бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының санитары және фельдшері ретінде бастаған.
2004-2005 жылдары Астана қаласының Бірінші қалалық ауруханасында және ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында дәрігер болып жұмыс істеді.
2005-2008 жылдары Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменттерінде түрлі позицияларды атқарды.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2009-2012 жылдары – "СК-Фармация" ЖШС Департаментінің бас заңгері, Департаментінің бас менеджері, бөлім бастығы, басқарушы директоры.
2012-2017 жылдары – "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директор орынбасары.
2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары.
2018 жылғы мамырдан бастап – "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары – басқарма төрағасының міндетін атқарушы.