СҚО-да алкоголь өнімін заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

479

СҚО-да дүкен иесі алкоголь өнімін заңсыз сатқан. Дүкеннен 37 литр алкоголь өнімі алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО-да алкоголь өнімін заңсыз сатқан тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

СҚО Мамлют ауданында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың тағы бір фактісін анықтады. Дүкен иесі лицензиясыз сыра мен коньяк өнімдерін сатқан. Құқық бұзушылықты “Қауіпсіз аула” акциясы барысында аудандық полицияның учаскелік инспекторларының бірі анықтады

ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материал жиналып, әкімшілік сотқа жіберілді. 

Жыл басынан бері ауданда 278 литр заңсыз алкоголь тәркіленді.

Облыс бойынша қаңтар айынан бастап учаскелік инспекторлар 2667 литр заңсыз сатылатын құрамында спирті бар өнімді тәркіледі. Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 83 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу