СҚО-да бес адам бірдей жол апатынан қайтыс болды

483

Солтүстік Қазақстан облысындағы Көкшетау-Омбы тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлады республика ІІМ баспасөз қызметі. 

СҚО-да бес адам бірдей жол апатынан қайтыс болды Фото: polisia.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8-дер шамасында Тайынша ауданы, Аймақ ауылының маңында Лексус пен ВАЗ-2104 көліктері соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты, оның ішінде екі көліктің де жүргізушілері бар. Тағы екі зардап шегуші Көкшетау қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, "Лексус" көлігі Көкшетаудан келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу