Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдың үйлерінің бірінде бес литрлік газ баллоны жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Салдарынан үйдің төбесі мен қабырғалары жартылай құлады, өрт болмады. Десек те, үйде болған үш ер адам, әйел және 17 жасар қыз әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік алған.
Екінші оқиғада 27 литрлік газ баллоны жарылып, төбе жанып кетті. Бірақ мұнда ауыл шаруа қожалығының ерікті өрт сөндіру бөлімі негізгі күш келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерді. Оқыс оқиға салдарынан 84 жастағы әйел мен оның 22 жастағы немересі термиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу