СҚО-да шенеунік орындалмаған жұмыс үшін 87 млн теңге төлем жасаған

336

Нысан құрылысының барысы бақылауға алынды.  

СҚО-да шенеунік орындалмаған жұмыс үшін 87 млн теңге төлем жасаған Фото: inbusiness.kz

СҚО прокурорлары мемлекет пайдасына 87 млн теңге қайтарды, деп жазады inbusiness.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлар бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының дөрекі бұзылғанын анықтаған.

“Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 млн теңге, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін төлем жасаған.

Прокурорлық қадағалау актісі  және Әдеп бойынша Кеңестің ұсыныстары бойынша  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің  басшысы  мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін босатылды”, - делінген хабарламада.

Негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Нысан құрылысының барысы бақылауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу