"16 қараша, сағат 06:00 шамасында "Астана - Петропавл" автожолының 384 шақырымында Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан Петропавл қаласының 51 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Toyota Land Cruiser Prado" және облыс орталығынан бет алып келе жатқан Петропавлдық 51 жастағы тұрғынның басқаруындағы тіркемесі бар "Audi 100" автокөліктері соқтығысты", делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен 51 және 40 жастағы 2 азамат қаза тапты.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді.