СҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

1108

СҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды, деп хабарлайды khabar.kz.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы "Челябі - Новосібір" тасжолының 606-шы шақырымында, Мағжан Жұмабаев ауданында орын алған.  "Форд" және "Камаз" көліктері соқтығысып,  шетелдік көліктің 63 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша жазғы дөңгелектермен жүріп келе жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі көктайғақтың салдарынан қарсы жолаққа шығып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу