СҚО-да жолаушылар автобусына соғылған автомобиль отқа оранды

735

СҚО-да жолаушылар автобусына соғылған автомобиль отқа оранды

СҚО-да жолаушылар автобусына соғылған автомобиль бірден отқа оранды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде жүрген бейнежазбада жолдан шығып кеткен автобус пен жанып жатқан автомобиль көрсетілген. Қолданушылар көлік жүргізушісінің көз жұмғанын айтады.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңертеңгі 9:30 шамасында, Мүсірепов ауданындағы Неженка ауылының маңында болған. Жезқазған-Петропавл тас жолында ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар көлігімен соқтығысқан.

"Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққы салдарынан автомобильден өрт шықты. Автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен жоқ", - деп хабарлайды жергілікті ІІД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу