СҚО-дағы сепаратизм ісі: "Халық кеңесінің" үш мүшесі 2 айға қамауға алынды

617

Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

СҚО-дағы сепаратизм ісі: "Халық кеңесінің" үш мүшесі 2 айға қамауға алынды Фото: Ulysmedia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында "Халық кеңесінің" үш мүшесі 2 ай мерзімге қамауға алынды.

18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша және 180-бабы 2-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін ҰҚК СҚО бойынша департаментімен "Халық кеңесінің" 3 мүшесі ұсталды.

"20 сәуір күні Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға "қамауда ұстау түрінде" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Петропавлда өздерін "Халық кеңесі" деп атаған бір топ адам Қазақстаннан тәуелсіздік алғандарын жариялаған болатын. Бас прокуратура аталмыш топтың 18 қатысушысынан жауап алынғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу