Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлі-зайыпты кешкілік уақытта туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу