Солтүстік Қазақстанда курорттық аймақты дамытуға 23 млрд теңге бөлінеді

1192

Былтырғы жылы Имантау-Шалқар курорттық аймағына 45 мың адам келген. Биылғы жылы 8 айда 63 мың адам болған. 

Солтүстік Қазақстанда курорттық аймақты дамытуға 23 млрд теңге бөлінеді

Солтүстік Қазақстан облысында Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамутға шамамен 23 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады облыстық әкімдік баспасөз-қызметі.

"Бұл курорттық аймақ Қазақстандағы басым туристік аумақтар ондығына кірген. Оны дамытуға 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.          

Іс-шаралар жоспарында мұражай-қорық, туристерді қабылдау орталығы, курорттық аумақты абаттандыру, атап айтқанда, Имантау көлінің жағасында жағалауды салу, ат пен велосипед жолдары мен көру алаңын жақсарту қарастырылған. Сондай-ақ, туристердің жыл бойы келуі үшін жаңа заманауи демалыс орталықтарын салу жоспарлануда.

Ведомствоның ақпарынша, соңғы үш жылда курорттық аймақта 273 шақырым жол жөнделіп, туристердің келуін 40%-ға арттыруға мүмкіндік берген.
"Былтырғы жылы Имантау-Шалқар курорттық аймағына 45 мың адам келген. Биылғы жылы 8 айда 63 мың адам болған", - деп атап кетті әкімдік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу