Солтүстік Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам зейнеткерді қағып өлтірді

144

Зейнеткер 66 жаста еді. 

Солтүстік Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам зейнеткерді қағып өлтірді Фото: freepik

СҚО-дағы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші Шал ақын ауданының аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зейнеткер 66 жаста еді.

Жол-көлік оқиғасын жасаған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу