Соңғы 40 жылда жабайы жануарлар қоры 60% кеміп кетті

1592

Соңғы 40 жылда жабайы жануарлар қоры 60% кеміп кетті

Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының баяндамасында айтылған. Қор Лондондағы зоологиялық қоғаммен бірлесе отырып индексті есептейді. 1970 жылдан 2012 жылға дейін индекс 58% төмендеген. Қор қызметкерлері бұл индекстің 2020 жылға қарай 67% төмендейтінін айтады, деп хабарлайды reactor.inform.kz.
 
Жабайы жануарлар популяциясының азаюына адам баласының түрлі іс-әрекеті себеп болған. Атап айтқанда қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі сияқты себептер бар.
 
Сондай-ақ баяндамашылар өзен-көлдерде өмір сүретін тіршілік иелерінің көп шығынға ұшырағаны хабарлады. 1970 жылдан бері тұщы суда өмір сүретін жануарлар популяциясы 81% азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу