Алматыда 2016 жылдың 18 шілдесінде теракт жасап, 10 адамды өлтірген Руслан Күлекбаевты атыс кезінде жаралап, тоқтатқан Аян Галиевті мемлекеттік наградаға ұсыну туралы сот қаулысы шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Атыста 9 жерден жараланып, мерт болған Аян Галиевті Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов мемлекеттік наградаға ұсыну туралы ҚР ІІМ атына сот қаулысын жолдады.
"Осы іс бойынша, ерлік жасағаны үшін Аян Галиевті мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ҚР ІІМ атына жеке қаулы шығарылды", – деді Ерлан Болатов.
Бұған дейін ашық соттың 4-ші күні өткен жарыссөзде Алматы қаласы прокурорының орынбарасы Жарқынбек Бақашбаев Аян Галиевті мемлекеттік награда ұсыну туралы сотқа ұсыныс жасаған болатын.