Стамбұлда Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті

1308

Стамбұлда Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті

Стамбұлда еліміздің Түркиядағы елшілігі мен Инвестициялар және даму министрлігі, КAZNEX INVEST ұлттық агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті, деп жазады 24 Хабар.

Алқалы жиынға 100-ге жуық іскер топ өкілдері қатысты. Оның 30-ға жуығы осыған дейін елімізге арнайы сапарлап барып, индустриялды аймақтардың жұмысымен танысып қайтқан. Енді жекелеген кәсіпкерлер Қазақстанның бірқатар өндіріс салаларына инвестиция салмақ. Мысалы, Ozbegen Gida компаниясы Алматы облысында ірі жылыжай кешенінің құрылысын аяқтады. Ал SA Istanbul келесі жылдан бастап елімізде тоқыма өндірісін ашуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 1 мың 600 кәсіпорын жұмыс істейді. Түрік инвесторлары осы күнге дейін өңдеуші секторда 40-қа жуық инвестициялық жобаны іске асырды.

"Қазақстанның KAZNEX INVEST ұлттық агенттігі ақпараттық және құқықтық жағынан көрсеткен қолдауының арқасында биыл Алматы қаласында каучуктен жасалатын құрылыс заттарын өндіретін фабрика аштық. Біздің негізгі тұтынушыларымыз құбыр шығаратын кәсіпорындар. Алғашқыда шикізатты өңдеуде біраз қиындықтарға тап болдық. Бірақ қазір барлық мәселе оңынан шешілді. Бізді Қазақстанның жоғары инвестициялық мүмкіндіктері мен Еуразиялық экономикалық одақтың кең нарығы қызықтырады. Сондықтан өнімдерімізді тек қазақ еліне ғана емес, одаққа мүше мемлекеттерге де экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті TML Robor kz фирмасының президенті Турхан Этин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу