Судья 800 мың теңге парамен ұсталды

1147

Наурызбай ауданының судьясы 1900 АҚШ долларын алып тұрған жерінен ұсталған.

Судья 800 мың теңге парамен ұсталды

Алматыда судья 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік қызметкер 1900 АҚШ долларын алып тұрған жерінен ұсталған.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіндегілердің хабарлауынша, күдікті Наурызбай ауданының судьясы. Ол бұған дейін де 100 мың теңге ауызбастырық алған.

Белгілі болғандай пара метрополитен тармағының құрылысы үшін жер учаскесін алу туралы азаматтық істе қожайынның пайдасына шешкені үшін берілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу