Судья пара алу үстінде ұсталды

1314

Әшірбек Рахымбаев жасаған қылмысын толықтай мойындады.

Судья пара алу үстінде ұсталды

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Әшірбек Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.

"2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қ. Ә. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу). ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу