Суицид жасағандардың 70 пайызының себебі белгісіз

1122

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 20 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсамақ болған. 

Суицид жасағандардың 70 пайызының себебі белгісіз

Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері Қарағанды облысында 20 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсамақ болған. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

"Неліктен? Сіздер себебін түсінесіздер ме? Осы балалар өсіп келе жатқан отбасылардың әлеуметтік портретін құрасыздар ма? Мүмкін, Статистика сандарында біз қандай да бір нәрселерді байқамаймыз ба?"– деді Жеңіс Қасымбек суицид мәселесі қозғалған жиында.

Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, 70% жағдайда суицидтің себебі белгісіз күйде қалады – жасөспірімдер өзіне қол жұмсар алдында ешқандай жазба қалдырмайды, достары мен туысқандары ешқандай көзге көрінетін негіздерді де атай алмайды.

Сондай-ақ, Есенғазы Иманғалиев облыс бойынша мектептерде психологтар мен әлеуметтік педагогтар жұмыс істейтінін атап өтті. Олар алаңдаушылық деңгейін анықтауға, суицидтік ойлардың бар-жоғын анықтауға тест жүргізеді, егер сауалнамалардың нәтижесі қауіп туындатса, балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелеседі.

Облыстың 259 білім беру мекемесінде интернетте белсенділікті бақылаудың арнайы бағдарламасы орнатылған. Оның арқасында педагогтар әлеуетті зиянды контенті бар 760-тан астам сайтты анықтай алды. Қазір олардың барлығы бұғатталған.

Әкімнің орынбасары Абзал Нүкенов мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жиында аула клубтарын, спорт секцияларын және үйірмелерді танымал ету идеясы айтылды.

"Жасөспірімдік суицидтің алдын алу бойынша кең көлемді құжатты әзірлеу және қабылдау, одан кейін оның шеңберінде әрекет ету қажет. Осы жылдың соңына дейін қажетті шаралар әзірлеп, алдын ала іс-қимыл жоспарын жасауды тапсырамын",– деді облыс әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу