Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың түрлері жойылады - АШМ

657

Ауыл шаруашылығында тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық түрі жойылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың түрлері жойылады - АШМ Фото: inbusiness.kz

Оның сөзінше, субсидиялау жүйесін реформалаудың негізгі міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау.

"Сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет. Жалпы тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі. Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл сұралатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін "күту парағы" енгізілді", - деп атап өтті спикер.

Әбілхайыр Тамабек субсидиялау қағидаларының жаңа жобалары мемлекеттік органдарда келісіліп жатқанын, жақын арада бекітілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу