Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Токиоға барды

704

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға барды.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Токиоға барды

Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Министр М. Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқы атынан көңіл айтып, Синдзо Абэ еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

"Келіссөздер барысында тараптар тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін және биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Министрлер екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі егжей-тегжейлі қаралды", – делінген СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу