Тайландта қазақстандық саяхатшы көз жұмды

1214

Тайландта қазақстандық саяхатшы көз жұмды

14 желтоқсанда Пхукет қонақ үйінің 5-қабатынан секіріп кеткен қазақстандық турист Патонга госпиталінде көз жұмды, деп хабарлады дереккөзге сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Патонгадағы D1 қонақ үйінің қызметкерлері туристің 5-қабаттан секіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері асфальтта ес-түссіз жатқан ер адамды көреді.

Қазақстандық турист сол жақ бетімен құлаған және оң аяғы сынған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Патонга ауруханасына алып кеткен. Қазақстандық науқастарды қабылдау бөлімінде көз жұмды.

Ер адамның неден мерт болғанын полиция әзірге ештеңе айта алмайды. Оның өлімі туралы ақпарат елшілікке жіберілді.

Қайтыс болған Темірәлі Рысқұлов 42 жаста болған. Оның фейсбуктағы жазбаларына қарағанда тапсырыспен кәдесый монеталарын соғумен айналысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу