Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды

634

Азия чемпионатына Қазақстаннан үш ерлер мен екі әйелдер жұбы қатысуда.

Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды Фото: olympic.kz

Ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Сидоренко / Александр Дьяченко; Дмитрий Яковлев / Сергей Богату; Алексей Кулешов / Артем Петросянц жұптары бақ сынауда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ал әйелдер арасында құрлықтық біріншіліктің үздігі атану үшін Бахытгуль Самалыкова / Ирина Цимбалова; Алина Раченко / Анастасия Уколова жұптары барын салады.

Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко бірінші ойында 2:1 (17:21; 24:22; 15:9) есебімен Тайбэйді жеңді. Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату таза жеңіспен (21:16; 21:18) Жапония-2 командасын ұтты. Ал үшінші жұп Алексей Кулешов пен Артем Петросянц "Иран-2" командасына есе жіберді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу