Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 4 науқастың жағдайы өте ауыр
27 Қараша 2020 15:37 169

14 жастағы баланың денесінің 98 пайызын күйік шалған. Ол хәл үстінде жатыр. Тағы 48 жастағы тұрғынның денесінің 82 пайызы күйген. Қазір жағдайлары өте ауыр осы 4 науқасқа Алматыдан арнайы мамандар шақыртылды.
Оқыс жайт Еркін ауылындағы жер үйлердің бірінде болды. Сол сәтте үйде болған 8 адам зардап шегіп, Талдықорғандағы 3 ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша, баллон пештің жанында тұрған. Жарылысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін.