Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорғанда "Q-net" қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Агенттіктің мәліметінше, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылғаны анықталды. Олар жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салған.
"Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу