Талдықорғанда сауда үйінен өрт шықты

897

Талдықорғанда сауда үйінен өрт шықты

Талдықорған қаласында сауда үйлерінің бірінде өрт болды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Түнгі сағат екілер шамасында Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің орталық байланыс пунктіне қоңырау түскен.

Қызыл жалын "Әлемді" сауда үйінің 129 шаршы метрін шарпыған. Жанында орналасқан екі дүңгіршекке де  залал келді. Абырой болғанда, сауда үйінде адамдар болмаған. Өрт дер кезінде ауыздықталды. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу