Таңбаланбаған темекіні 2021 жылдың 1 қазанына дейін ғана сатуға рұқсат етіледі

957

Темекі өнімдерін таңбалауға байланысты өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Тауарларды таңбалау жобасының жетекшісі Азат Исенов таңбаланбаған фильтрлі темекіні сатуға биылғы жылдың 1 қазанына дейін ғана рұқсат етілетінін айтты.  

Таңбаланбаған темекіні 2021 жылдың 1 қазанына дейін ғана сатуға рұқсат етіледі

Ал басқа темекі бұйымдары бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін уақыт берілген. Осы мерзімге дейін таңбаланбаған барлық темекі бұйымы сатылып бітуі тиіс.

"Маркасы жоқ темекі өнімдерін биылғы жылдың 1 қазанына дейін сатуға болады. Осы кезең өткеннен кейін дүкенде таңбалаусыз темекі өнімдерін қабылдап сатуға тыйым салынады, ол үшін сатушы жауапкершілікке тартылады. Өйткені таңбаланбаған өнім контрафакті болып есептеледі", –дейді Азат Исенов.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу