Татубаев пен Кексель әртүрлі қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр – Бас прокуратура

181

Оларға қатысты "Азаптау" бабы бойынша іс қозғалған.

Татубаев пен Кексель әртүрлі қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр – Бас прокуратура Фото: canva

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлері Талғат Татубаев пен Олеся Кексельге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"(Талғат) Татубаев пен (Олеся) Кексельге қатысты "Азаптау" бабы бойынша іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Біздің бастамамызбен Мақсат Дүйсеновке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қазір оны экстрадициялау бойынша процесс іске қосылды", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Журналистер олар бойынша іс бірге қаралып жатыр ма деп сұрады.

"Бұл – әртүрлі істер, алайда "Азаптау" дерегі бойынша ұқсас. Татубаев ұсталғанын білесіздер. Ал Кексельдің емізулі баласы болғандықтан, мәртебесі анықталып жатыр", – деді Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікке ілінгенін жазғанбыз. 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу