Тауарды жіктеу туралы шешім қабылдау уақыты қысқарды

1767

Енді тауарларды жіктеуге шешім қабылдау жөніндегі өтінішті электрондық түрде беруге болады. 

Тауарды жіктеу туралы шешім қабылдау уақыты қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасына сәйкес осындай шешім қабылдады. Мұндай өзгертулер

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің ережелеріне де енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мұндай өтініш түрін электрондық немесе сканерленген құжаттармен бірге, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне электрондық түрде беруге болады.

Өтініштер электрондық нұсқаға көшірілгеніне байланысты тауарларды жіктеу туралы шешімдерді беру мерзімі де айтарлықтай қысқарған. "Бұрын  мұндай шешімдер 20 жұмыс күні ішінде қабылданатын. Енді  10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал жинақталмаған түрде жеткізілетін тауарларды жіктеу туралы шешімдерді қабылдау 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін азайды", – дейді ҚМ Мемлекеттікі кірістер комитетінің. Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева. 

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу