Тауда жоғалған туристер: екі адамның денесі табылды

1775

Түркістан облысында тауда жоғалған 4 туристің екеуі қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың денесі Өгем өзені аумағынан табылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Тауда жоғалған туристер: екі адамның денесі табылды

"29 мамыр күні сағат 00:30-да іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның денесі табылды. Ол 1999 жылы туған, тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды", – деп жазылған хабарламада.

Мәйіттер тікұшақпен Шымкент қаласына жөнелтілген.

Еске сала кетсек, 25 мамырда Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында 7 адам жоғалып кеткен еді. Оның үшеуі кеше аман табылған болатын. Ал қалған төртеуін іздестіру жұмыстары жалғасты. 

"Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жердегі іздестіруді құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары жүргізуде. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ екі борты жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталатын болады",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу