Тәжікстанда gov.kz платформасының аналогы сәтті жұмыс істеп тұр

254

Электрондық үкімет порталы Тәжікстанға экспортталды. 

Тәжікстанда gov.kz платформасының аналогы сәтті жұмыс істеп тұр Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин gov.tj порталы жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр Қазақстан тәжік тарапына eGov платформасының IT өнімдерін бергені туралы ақпарат шықты.

Тілшілер eGov-тың қай нұсқасы Тәжікстанға экспортталатынын сұрады.

"Тәжікстан республикасына берілген бірнеше өнімдер ішінде gov.tj порталы жұмыс істеп тұр. Бұл – біздің gov.kz порталының аналогы. Бұл – барлық мемлекеттік органдар сайттарының сайты. Бүгінде ол браузер арқылы  қолжетімді. Сол себепті gov.kz порталына тоқталып отырмын. egov-тың, Smart Data Ukimet, Smart Bridge компоненттері үлкен деректерге талдау жасауға, интеграция жүргізуге арналған", - деп жауап берді Ростислав Коняшкин.

Айта кету керек, осыған дейін eGov.kz сайты неге істен шыққаны белгілі болғанын жазғанбыз. eGov жаңа технологиялық шешімдер негізінде жаңғыртылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу