Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон

1023

Соңғы 15 күн ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа фактілері тіркелген жоқ.

Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон

Тәжікстан коронавирус пандемиясын толықтай еңсерді. Ел президенті Эмомали Рахмон осындай мәлімдеме жасады.

"Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ, ол толығымен жойылды", – дей келе мемлекет басшысы тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.

"Біз босаңсып, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін ұмытпауымыз керек", – деді ол.

Президенттің айтуынша, өткен жылы Тәжікстан үкіметі ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне 1,6 миллиард сомони көлемінде қаражат (145 миллион доллардан астам) бөлген, сонымен қатар 30-ға жуық жаңа аурухана коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін қолданысқа берілген. Пандемиямен күресу үшін ауруханаларда 7 мыңнан астам жаңа орын ашылып, науқастарды 5400 медицина қызметкері емдеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда соңғы 15 күн ішінде коронавирус жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: fergana.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу