Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты қайта іске қосылады

3247

Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты қайта іске қосылады

Алматы облысы Текелі қаласында шойын шығарыла бастайды. Өңірде заманауи тау-кен байыту кешені салынып жатыр. Бұл – Қазақстан қара металлургиясында жүзеге асқан алғашқы жоба. Өндіріс ошағы 800 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Еңбек ұжымы бірінші өнімді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Текелі қаласындағы тоқырауға ұшыраған қорғасын-мырыш комбинаты қайта жаңғыртылып,  жуырда жұмысын бастайды. Енді мұнда шойын шығарылатын болады.

"Зауыт шикізатты өзі өндіреді. Оның шығатын жері дайын. Шойын Қазақстан бойынша сатылады. Зауыттың байыту фабрикасы қайта құрылды. Қазір домна пешінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін темір концентратын байыту жұмыстары жүргізіліп жатыр", – дейді зауыт директорының орынбасары Владимир Борисенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу