Теміртауда өрт салдарынан 700 саяжай күлге айналды

1019

Тілсіз жау барлығы 160 гектар  аумақты шарпыған. 

Теміртауда өрт салдарынан 700 саяжай күлге айналды

 

Теміртау маңындағы саяжайларда  өрт шығып, салдарынан жүздеген үй жанып кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру пойызы, 7 арнайы техника және 64 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Негізгі күш тұрғын үйлерді, теміржол қатынас жолдарын, "Жаңа ауыл" стансасының және "Металлургическая" қосалқы стансасының нысандарын сақтап қалуға жұмсалды.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, 40 гектар аумақта қоқыс пен ағаш шарбақтар, сондай-ақ саяжайға жақын жерде құрғақ шөп өртенді.

Тілсіз жау барлығы 160 гектар  аумақты шарпыған. Қызыл жалынның салдарынан иесі  бар 20 және иесіз жатқан 700-ден астам саяжай үйі күлге айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу