Теміртауда салықтан жалтаруға көмектескен қылмыстық топтың жолы кесілді

1149

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары 3 жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теміртауда салықтан жалтаруға көмектескен қылмыстық топтың жолы кесілді

6 адамнан тұратын қылмыстық топ Теміртау қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды шығарып, кейбір адамдарға салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатында қызмет еткен. Осылайша, 8 жалған фирмаға көмек көрсеткен. 

"Қылмыс салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды. Топтың ұйымдастырушысы мен сыбайластарының бірі қамауға алынды", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Жалпы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру салықтарды бюджетке түсірмей, сыбайлас жемқорлықты көбейтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу