Теміртауда Ұлттық ұланның 36 әскери қызметкері аурухана түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"18 тамызда Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды, оның ішінде 31 қызметкерге жедел ішек инфекциясы және бесеуіне жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар қабылданды", – делінген ресми хабарламада.
Ұлттық ұланда сарбаздардың жаппай ауруханаға түсу себептеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу