Теміртауда ЖЭО-дан ақау шықты

1246

Теміртауда ЖЭО-дан ақау шықты

Теміртау қаласының 2-ші жылу электр орталығында үшінші қазандық істен шығып, апаттық жағдай туғызды, деп хабарлайды 24 Хабар.

Қала әкімі Ғалым Әшімов қала тұрғындарына болған апаттың мән-жайын түсіндіріп, пәтерлеріндегі жылу жүйесінен әзірге су ағызбауды сұрады. Қазіргі уақытта жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпуновтың берген мәліметі бойынша, қазір металлургтер қаласын 4 энергетикалық және 1 су жылытатын қазандық жылумен қамтамасыз етіп отыр. Істен шыққан қазандықты бүгін кешке дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу