Теміртаудағы емханаларға жалған антисептиктер сатылған

1105

Контрафактілік тауарды өндіргендер "Гросфарм" сауда белгісін пайдаланған.

Теміртаудағы емханаларға жалған антисептиктер сатылған

Теміртау емханаларында қолдан жасалған контрафактілік антисептиктер қойылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бастады.

Қарағанды облысының емханаларында "Гросфарм" сауда белгісімен жалған "Алкосепт" антисептигі сатылған, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану).

Айта кетсек, контрафактілі өнімді түпнұсқадан бірнеше белгілеріне қарап ажыратуға болады. Біріншіден, орамаға назар аудару керек: ол берік жапсырылған және бүлінбеген болуға тиіс, сондай-ақ заттаңбасы бар болуы керек. Онда міндетті түрде өндіруші туралы барлық дерек, дайындалған күні және жарамдылық мерзімі жазылуға тиіс. Барлық ақпарат екі тілде - мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі.

Экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жеке қорғану құралдарының бағаларымен алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, оның ішінде интернет-сауда бақыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу