Теміртаудағы жол апаты: Жүргізушінің бірі аяғынан айырылып қалды

452

Желіде жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады.

Теміртаудағы жол апаты: Жүргізушінің бірі аяғынан айырылып қалды Фото: видео скриншот

Теміртауда үш бірдей жүк көлігі соқтығысып, ірі жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, жол апаты қаладағы Қарағанды көшесінің бойында болған.

Бейнежазбадан КамАЗ жолдың шетінде тұрғанын, оған жақын жерде VOLVO маркалы жүк көлігі тоқтағанын көруге болады. Артта келе жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі тоқтауға үлгермей, екі жүк көлігіне соғылады. 

"8 қыркүйек күні сағат 15.10-да Теміртаудағы Қарағанды көшесінде Алматы-Екатеринбург автожолы жағынан Shacman және Volvo соқтығысады. Аталмыш факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Shacman жүк көлігінің жүргізушісі аман қалды, алайда оның аяғы қатты қысылып қалған. 

"Зардап шегушінің жұмсақ тіндері қатты мыжылған. Салдарынан ампутация жасау туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақты", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу