Теміржолшылар қауіпті жағдайларда шұғыл әрекет етуге үйреніп жатыр

1568

Теміржолшылар қауіпті жағдайларда шұғыл әрекет етуге үйреніп жатыр

"Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ-ның бес мың еңбеккері темір жолдағы апаттық және қауіпті жағдайларда жедел әрекет етуге үйренуде.

Дәріс станциялардың дәрежесіне байланысты кезең кезеңімен өткізіліп жатыр. Әсіресе, станция кезекшілеріне көп міндет жүктелмек. Мәселен, пойыздарды күтіп алып, шығарып салу, өндірістік маневрлік жұмыстар, бағыттауыш бұрмалардың, белгі беру және байланыс желілерінің ақаулы кезден істен шығуы, вагондардың оқыстан еңіске қарай жүріп кетуі, локомотивтің тежегіші істен шығуы секілді күтпеген жағдайлардан жол тауып шығудың әдіс-тәсілдерін оқуда. Апатты жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде атқарылатын шаралар локомотив бригадаларына техникалық оқулар кезінде де түсіндіріледі, делінген "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
"Жүк тасымалы" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Берік Істілеуовтің айтуынша, еңбеккерлерге пойыздардың қауіпсіз қозғалысы туралы жиі айтып отырған жөн. Өйткені, бұл мәселе Компаниядағы басым бағыттардың бірі. Қиындық туған кездерде жедел шара қолданып, пойыз қозғалысына төнген қауіптің алдын алу - әрбір теміржолшының міндеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу