Теңіз кенішінде тағы 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды

794

Қазір 267 адам үй жағдайында емделуде.  

Теңіз кенішінде тағы 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды, емделушілер 669-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 81 адам коронавирус жұқтырған. Ал 29 науқас емделіп шыққан.

"Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 8 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 66 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 адамнан Сovid-19 анықталды. Науқастардың 11-інде коронавирустың симптомды түрі бар" деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 267 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 103, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 40, Теңіз кенішінде стационарда 669 адам ем қабылдап жатыр. Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу