Тихановская ЕО-ны сайлау қорытындысын мойындамауға үндеді

595

Оппозиция Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп отыр.

Тихановская ЕО-ны сайлау қорытындысын мойындамауға үндеді

Беларусь оппозициясының атынан сайлауға қатысқан жалғыз үміткер Светлана Тихановская Youtube желісінде өз үндеуін жариялап, Еуроодақ елдерін Беларусьта өткен саяси тартыстың қорытындысын мойындамауға үндеді. Оның айтуынша, бұл дода әділ не ашық түрде өтпеген.

"9 тамызда өткен сайлау әділ не ашық болмады. Оның қорытындысы қолдан жасалған", – деді ол.

Сонымен қатар ол қала көшелеріне шыққан ереуілшілердің соққыға жығылғанын да сөз етті.

"Өз дауыстарын қорғау мақсатында қала көшелеріне наразылығын білдіру үшін шыққандарды құқық қорғаушылар ұрып-соқты, олардың бостандығы жерге тапталды, билікті уысынан жібергісі келмейтін қазіргі режим оларды азаптады. Жүздеген адам жарақат алып, екі тұрғын қаза тапты. Бұл жайт дәл қазір Еуропаның қақ ортасында болып жатыр", – деді Тихановская.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр

Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. 

Бірақ оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп отыр. 
Сайлаудан кейінгі ереуілдерде құқық қорғаушылар наразы топты тарқату үшін көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған. Ресми дерек бойынша, 7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Бірақ оның басым бөлігі кейін босатылды. Тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын, 120 құқық қорғаушы жарақат алып,  3 адам қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Фото: news.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу