Ресей президенті Владимир Путин қайта президент болып сайланған Александр Лукашенконы құттықтады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сіздің мемлекеттік қызметіңіз өзара тиімді ресей-белорус қарым-қатынасының дамуына, Одақтың мемлекет аясындағы ынтымақтастығымыздың кеңейе түсуіне ЕЭО пен ТМД аясында интеграцияның ұлғаюына септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұл, әрине, Ресей мен Беларусь сияқты бауырлас елдердің түпкі мүдделеріне сәйкес келеді", – деп жазылған құттықтау телеграммасында.
Си Цзиньпин: "Қытай үкіметі мен халқының атынан, және өзім де сізді құттықтаймын. Сіз жетекшілігіңіз Беларусьті алға жетелеп, мемлекетті құру ісінде биік жетістіктерге міндетті түрде жеткізетініне сенімдімін", – деп ізгі тілегін білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауда алтыншы мәрте басым түскен Лукашенкоға өз құттықтауын жолдады.
Еске сала кетсек, Беларусьтегі президент сайлауы 9 тамызда өткен болатын. Саяси дода аяқталысымен дауыс беру қорытындысына наразы топ Минск қаласының көшелеріне шығып ереуілдеткен еді. Қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар. Бір адам қаза тапты деген ақпаратты елдің ІІМ жоққа шығарды.
Табиғат Нұрболат