Польшаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблоньский ЕО-ның Беларусьте қайтадан президенттік сайлау өткізуді талап етіп отырғанын мәлім етті.
"Беларусь халқының өз болашағына қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа президенттік сайлау өткізуге тиіс. Бірақ мына нәрсені айта кетейін: Еуропалық одан Беларусьтің саяси істеріне араласпайды", – деді дипломат.
Оның айтуынша, Польша одаққа мүше елдердің басшыларын осыған қатысты бірауыздан мәлімдеме жасауға, саяси тартыстың қайтадан өткізілуін талап етуге көндірген.
Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. Бірақ оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп отыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: fondsk.ru