Тіс емханасынан кейін комаға түсіп, 1,5 жыл ес-түссіз жатқан бүлдіршін қайтыс болды

901

Тіс емханасынан кейін комаға түсіп, бір жарым жыл бойы ес-түссіз жатқан бүлдіршін көз жұмды. Алисаның періштеге айналғанын анасы Анастасия Зеленая Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Atameken Business.

Тіс емханасынан кейін комаға түсіп, 1,5 жыл ес-түссіз жатқан бүлдіршін қайтыс болды

Тісін емдетуге барғанда Алиса 2,5 жаста болған. Марқұмның анасы қызының өліміне анестезиологты кінәлап отыр. Өйткені, маман Алисаның тісін емдер алдында ешқандай сынама жасамаған. Содан кейін бүлдіршін есінен танып қалған.

Тіс емханасына жүргізілген тексеріс нәтижесінде бірнеше заң бұзушылық анықталыпты. Жекеменшік емхананың сертификат жарамдылығы өтіп кеткен. Сондай-ақ басқа да бұзушылықтар анықталыпты. Осыған қарамастан, тіс емханасы атауын өзгертіп жұмысын әлі де жалғастырып келеді.

Atameken Business-тің түсірілім тобы емханаға барып, мәселенің мән-жайын білмек болған. Бірақ ондағылар есіктерін ашпай, тілшілерге сұхбат бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу