Елордадағы "Доктор Бро" деген жеке-меншік тіс емханасын тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтардың бары анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Дәл осы стамотологияда екі жарым жасар баланың тісін емдеу барысында екпе салғаннан кейін сәби комаға түскен. Ол 13 күннен бері әлі ес-түссіз күйде жатыр. Тексеру тобы өкілдерінің айтуынша, дәрігер балаға Севофлуранмен бірге Мепивастезин препаратын да еккен. Аталған дәрі түрін 4 жасқа толмағандарға егуге тыйым салынған болып шықты. Сондай-ақ, баланы қараған анестезиолог-реаниматолог дәрігер сертификатының жарамдылық мерзімі былтыр күзде аяқталған болып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу