ТМҰ саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды

639

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

ТМҰ саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды Фото: akorda.kz

Мынадай құжаттар:

1. Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;

2. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;

3. Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

Сонымен қатар ҚР Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитіне қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу