Төле биді жөндегендердің жұмысы тексеріледі

828

Алматы билігі құрылыс стандартын қатаң бақылайтын болады.

Төле биді жөндегендердің жұмысы тексеріледі

Қала әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы Төле би көшесінде инженерлік желіні жөндеген "АГС-ПЛАСТ" ЖШС мен "Сұңқар" ЖШС-інің жұмысы қайта тексеріледі.

Таяуда жүргізушілер осы жолда асфальт опырылып жатқанын айтып, әкімдікке шағымданды.

Мамандар енді құрылыс кезінде стандарттың сақталуын қадағалауды күшейтпек. Шенділер жол жөндеумен айналысатын компанияларды барлық норма мен талапы сақтауға шақырды, егер жұмыс шикі болса, шара қолданылып, компания лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Тастыбұлақ шағынауданында коммуникация желісі тартылғаннан кейін жолды жөндеген "Монолит Дизайн-2030" компаниясы сапасыз жұмысы үшін лицензиясынан айырылды. Одан бөлек фирма 800 АЕК айыппұл төледі.

Олжас Оқас 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу