ХОК Халықаралық Олимпиада комитетінің (МОК) басшысы Томас Бах Ёсихидэ Суганы Жапонияның премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды olympic.kz сайты.
"Сонымен қатар, келесі жылы жазғы Олимпиада ойындарының қауіпсіз әрі сәтті өткізуге сенім білдіріп, жылы шырай танытқаны үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Премьер-министрдің тікелей қолдауымен Олимпиада ойындары адамзатқа қараңғы туннельдегі жарық сәуле болады деп үміттенемін. Токио Олимпиадасы әлемге үміт пен тұрақтылықтың жарқын белгісі болады деп сенемін. Ал ХОК пен Жапония үкіметі оған себепші болады", – делінген құттықтау хатында.