Төреғали Төреәлі көлік рөлінде отыр – фейк

983

Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр.

Төреғали Төреәлі көлік рөлінде отыр – фейк Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айырылған Төреғали Төреәлінің машина жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Ол әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған әнші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Кейін Төреғали Төреәлінің изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу