Әнші Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, А. есімді азамат қамауда ұстау әкімшілік жазасы 17 шілде күні аяқталды.
Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Сол күні көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу